Астанада қоймадағы резеңке бұйымдар өртеніп жатыр.
Өрт аумағы шамамен 1 000 шаршы метр.
«Сарыарқа ауданында қоймадағы резеңке бұйымдар өртенді. Өрт аумағы шамамен 1 000 шаршы метр. Өртті сөндіру резеңке бұйымдардың жоғары температурада жануы қиындатып жатыр. Қазіргі уақытта Астана қаласы ТЖД жеке құрамның 61 адамы және 15-ке жуық техникасы жоғары дәрежелі шақыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.