2002 жылы Қызылорда қаласына қарасты Ақсуат ауылдық округінде Айтбай Бен Ладен есімді нәресте дүние есігін ашқан еді. Сырбойылық сәби жайында сол уақытта басылымдар мен телеарналар жарыса айтып та, жазып та жатты.
Бен Ладен әскери қызметте жүр
605
оқылды

Араға біраз жыл салып, сол кейіпкерімізді қайта іздеп таптық. Бүгінде Бен Ладен Қызылорда қаласында тұрады. 22 жасты тол­тырып, жігіттік шағын бастан өт­керіп жүр. Кішкентайынан ал­ғыр да зерек болған ол туған ауы­лын­дағы №143 мектепті ойдағыдай тә­мамдаған. Әрдайым ізінен ерген інісі мен қарындасына қамқор. Қолы қалт етсе сабағына зейін қо­йып, мұғалімнің үйге берген тап­сырмасын да мұқият орын­дайтын болған. 

«Бен Ладен өзінің ерекше есімді еншілегенін есейе келе түсінді. Бірақ оған өкпелеген жоқ. Мектепті жақсы бітіріп, әскери борышын абыроймен өтеп келді. Одан әрі білімін жетілдіру мақсатында жо­ғары оқу орнына түсті. Баламыздың болашағынан зор үміт күтетінбіз. Сенімімізді ақтады», – дейді анасы Айгүл Сейілханова.

Бен Ладен бүгінде универ­ситет­те білімін жетілдірумен қатар, әс­кери салада қызмет атқаруға мүм­кіндік алыпты. «Армансыз адам – қанатсыз құспен тең» деген қағи­даны өмірлік ұстанымына айнал­дыр­ған жігіт сол арман-мақ­сатына жету жолында таудай талап пен еселі еңбек қажет деп есептейді.

Аңсаған ТАҒЫБЕРГЕН