Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде қажетті көмекті көрсетеді.
Су тасқыны: Алматылық құтқарушылар Қостанай облысына аттанды
697
оқылды

Алматы қалалық ТЖД-ның өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің күштері мен құралдарының жедел тобы (56 қызметкер) Ұлттық ұланның әуе бортымен Қостанай облысына аттанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Алматы қалалық ТЖД басшысы, полковник Нұрлан Атығаев жеке құрамның дайындығын тексеріп, нұсқама жүргізді. Әуе бортына су сору құралдары, қажетті апаттық-құтқару жабдықтары, арнайы су өткізбейтін костюмдер, байланыс құралдары мен жүзу құралдарын тиелді.

«Құтқарушылар су басқан өңірдің қауіпті учаскелерінде барлық қажетті көмекті көрсетеді. Жеке құрамға азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау бойынша өз борышын мінсіз орындауды тапсырамын», – деді ТЖД бастығы Нұрлан Атығаев.