Осы қиын жағдайды ескере отырып, бұл аптада Мәжілістің жалпы отырысы болмайды.
Мәжіліс депутаттары да су басқан аудандар мен ауылдарда жүр
412
оқылды
Мәжіліс депутаттары да су басқан аудандар мен ауылдарда жүр. Бұл туралы Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов әлеуметтік желіде хабарлады.
 
"Елдегі су тасқыны баршамызды алаңдатып отыр. Мамандар кейбір облыстар бұл табиғи апаттың шарықтау шегінен әлі өткен жоқ деген болжам жасауда. Сондықтан бар күшімізді біріктіріп, су тасқынына ел болып төтеп беріп жатырмыз.
 
Өңірлерде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты күллі қоғам Президенттің маңайына топтасты. Олар Үкіметпен және жергілікті билік органдарымен бірге су тасқынына қарсы қолға алынған шараларға атсалысуда. Зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, мемлекет тарапынан көмек көрсету мәселелерін бақылауда.
 
Гуманитарлық жүктерді жеткізуді ұйымдастырып, волонтерлердің жұмысын үйлестіріп жатыр.
Осы қиын жағдайды ескере отырып, бұл аптада Мәжілістің жалпы отырысы болмайды.
 
Қазір барлық күш, барлық ресурс су тасқынын еңсеруге бағытталып отыр. Депутаттар халықпен үнемі байланыста. Тасқын судың беті қайтқанша өңірлерде халықпен бірге болады", – деп жазды ол әлеуметтік желіде.