2-9 сәуір аралығында «ҚазАвтоЖол» мамандары Ақмола облысының бірқатар елді мекендеріне 22 арнайы техниканы жұмылдырып, еріген қар суының алдын алу үшін тиісті шараларды атқарды.
«ҚазАвтоЖол» су басу қаупі жоғары жолдарда бақылауды күшейтті
Фото: Halyq Uni
600
оқылды

ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында автожолдарды су басу қаупі жоғары. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Атырау облысында болған төтенше жағдайдың алдын алу үшін 117 арнайы техниканы жұмылдырды. Оның ішінде экскаватор, бульдозер, жүк тиегіш, трал, автогрейдер және басқа да техникалар бар. Қосымша тағы 66 бірлік техниканы жіберу жоспарлануда. Филиал мамандары жолдарды сақтап, елді мекендерді барынша су тасқынынан алдын алу үшін жұмыс істеуде», – деді С.Ділдахмет Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар  2-9 сәуір аралығында «ҚазАвтоЖол» мамандары Ақмола облысының бірқатар елді мекендеріне 22 арнайы техниканы жұмылдырып, еріген қар суының алдын алу үшін тиісті шараларды атқарды.

Атап айтқанда, Ақмола облысы Жібек жолы ауылы, Қосшы және Атбасар қалаларын 6 959 тонна құм, 423 текше метр қиыршық тас пен 3 122 текше метр ұсақ тастар төгілген.

«Жол жүйесінің барлық желісінде су алу қаупі бар 396 орын немесе 208 шақырым жол анықталды. ШҚО, СҚО, Павлодар, Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су алу қаупі жоғары. Филиал мамандары осы аумақта тәулік бойы бақылау орнатып, алдын алу шараларын атқаруда», – деді спикер.