Мұз еруі әсерінен (мұз жүру, мұз кептелісі) су деңгейі одан әрі көтеріліп, су тасуы мүмкін.
"Қазгидромет" екі облыстағы өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті
12,715
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері елдің екі облысындағы өзендерде су деңгейі көтерілетінін ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Ақмола облысы Қалқұтан өзенінің гидрологиялық стансасы – Қалқұтан ауылында су деңгейі көтеріліп, сең қозғалғанын мәлімдеді.

Сағат 12-дегі жағдай бойынша су деңгейі шекті деңгейден 1 см (шекті деңгей – 630 см) асты. Өзендегі су деңгейінің көтерілуі қар жамылғысының қарқынды еруінен, сайлардан келетін ағынды сулардан, бүйірлік ағынмен және өзен арнасының жоғары ағыс бөлігінен келетін ағынмен байланысты.

Мұз еруінің әсерінен (мұз жүру, мұз кептелісі) су деңгейі одан әрі көтеріліп, су тасуы мүмкін. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да, судың жайылуы байқалмады. Қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Журавлевка ауылы – Бақсұқ өзені гидрологиялық бекетінде мұз жүру әсерінен су деңгейінің көтерілуі жалғасуда (4 сағат ішінде 77 см). Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша су деңгейі шекті деңгейден 48 см асты (шекті деңгей – 690 см). Суды қазіргі күйі – бекеттен жоғары және төмен мұз кептелісі қалыптасқан, сең қозғалысы басталды.

Қар жамылғысының қарқынды еруінен, өзен арнасының жоғарыдағы, бүйірлік ағын және жылғалардан еріген қар ағынының келуінен өзендегі судың деңгейі көтерілді. Мұз еруінің әсерінен (мұз жұру, мұз кептелісі) су деңгейі одан әрі көтеріліп, су өзен арнасынан шығуы мүмкін. Су деңгейі қауіпті деңгейден асса да, судың жайылуы байқалмады. Қауіпті деңгейден асқан кезде ауылдың өзінде және ағысы бойынша төмен орналасқан, сондай-ақ өзеннің жайылмалы учаскелерінде орналасқан елді мекендерді, шаруашылық құрылыстар мен жергілікті маңызы бар жолдарды су басу қаупі сақталады.

Қостанай облысында 10-12 сәуір аралығында жаңбыр түріндегі жауын-шашын болжамына байланысты еріген қар ағынының қарқынды қалыптасуы, сонымен қатар облыстың солтүстігі мен шығысындағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі жалғасады. Су деңгейінің қауіпті деңгейден асып кетуі және өзен арнасынан шығуы мүмкін. Бұл ретте автожолдарды, елді мекендерді және шаруашылық құрылыстарды су басу қаупі бар.