Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуімен және еріген қар суы салдарынан республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" тасжолының жүру бөлігін су алуына байланысты А-16 "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 869-875 шақырымында көлік құралының барлық түріне жол қозғалысына шектеу қойылды.
Су тасқыны: екі облыста жолдар жабылды
481
оқылды

2024 жылғы 10 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзенінде су деңгейінің көтерілуімен және еріген қар суы салдарынан республикалық маңызы бар А-16 "Жезқазған-Петропавл" тасжолының жүру бөлігін су алуына байланысты А-16 "Жезқазған-Петропавл" тасжолының 869-875 шақырымында көлік құралының барлық түріне жол қозғалысына шектеу қойылды. Ол СҚО Есіл ауданының Амангелді ауылының бұрылысынан бастап Покровка ауылына дейінгі аралықты қамтиды.

 

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Тимирязево, Шал ақын және Ғ.Мүсірепов ауданының тұрғындарына Р-60 "Волошинка-Сергеевка-Тимирязево" (Волошинка ауылы) тасжолы арқылы облыс орталығына жетуге болатынын хабарлаймыз. 2024 жылғы 10 сәуірде сағат 11:00-ге дейін Р-60 тас жолының 2 шақырым құрайтын учаскесінде жөндеу жұмыстары сәтті аяқталды.

Ары қарай жол маршруты Р-59 "Волошинка-Корнеевка-Рощинское" (Корнеевка ауылы) тасжолы арқылы жалғасып, КТ-29 "Покровка-Корнеевка-Горное" (Покровка ауылы) облыстық жолымен А-16 (Жезқазған-Петропавл" автомобиль жолына түсіп, Петропавл қаласына жетуге болады.

 

Сондай-ақ сағат 15:30-да Ақмола облысында су деңгейінің көтерілуінен және еріген қар суының салдарынан "Көкшетау-Атбасар" автомобиль жолының 120-184 шақырымының (Максимовка ауылы-Атбасар қ. учаскесі)  жүру бөлігін су алуына байланысты көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.