Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда, Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан болған қатты су тасқыны болуы мүмкін.
Қазақстанның тау өзендерінде жаңбырдан кейін су тасқыны болуы мүмкін – Қазгидромет
Фото: triptonkosti.ru
567
оқылды

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның тау өзендері бойынша биылғы суару кезеңіне арналған гидрологиялық болжамын ұсынды, – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, тау өзендері үшін (Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысы) алдағы уақыттағы су көлемінің негізгі көрсеткішін 2023 жылғы 1 қазаннан бастап 2024 жылғы 1 сәуірді қоса алған ылғал жиналу кезеңінде жауған жауын-шашынның жалпы көлемі құрайды.

Жерді қашықтықтан зондтау суреттерінің деректеріне сәйкес 2024 жылғы
7 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның қар жамылған таулы аумақтарының көлемі:

- Жамбыл облысы бойынша  – 2%;

- Түркістан облысы бойынша – 2%;

- Алматы облысы бойынша – 14%;

-  Жетісу облысын бойынша – 18%;

- Абай облысы бойынша – 9%;

- Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 63% құрайды.

Ылғал жиналу кезеңінде жауған жауын-шашынның көлемі Қазақстанның тау өзендері бойынша 2024 жылғы вегетациялық кезеңге арналған гидрологиялық болжамда келтірілген, оны   https://www.kazhydromet.kz/ru/gidrologiya/gidrologicheskiy-prognoz сілтемесі бойынша алуға болады.  

Метеостанцияларда жүргізілген көпжылдық бақылауларға сәйкес, бір тәулік ішінде жауын-шашынның айлық нормасы түсуі мүмкін, бұл қауіпті табиғи гидрометеорологиялық құбылыстардың пайда болуына әкелуі ықтимал. Температуралық фон көтеріліп, нөсер жаңбыр жауған жағдайда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік-шығысы мен шығысындағы тау өзендерінде жаңбырдан болған қатты су тасқыны болуы мүмкін.