Алғаш рет әлемдік рейтингте «Білім» (топ-400), «Әлеуметтану» (топ-300) және «Электрлі және электрондық инженерия» (топ-530) пәндері кірді.
ЕҰУ білім беру бағдарламасы бойынша әлемдегі үздік оқу орындарының рейтингісіне енді
1,856
оқылды

Қазақстандық білім беру бағдарламасы тұңғыш рет халықаралық QS пәндік рейтингінің топ-50 енді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті  – «Қонақжайлылық және демалысты басқару» пәні бойынша алғашқы 50 оқу орны қатарына кірген Орталық Азияндағы жалғыз оқу ордасы. Онда 149 елден 5000-ға жуық әлемдік университеттің көрсеткіштері талданды. Әлемнің жоғары оқу орындарында оқытылатын пәндердің сапасын британдық Quacquarelli Symonds агенттігі бағалаған.

Бүгін QS World University Rankings by Subjects 2024 халықаралық пәндік рейтингі жарияланды. Оның нәтижесі бойынша Еуразия ұлттық университеті жоғары көрсеткіштерді бағындырумен қатар рейтингідегі өкілдігін 20 пәнге дейін кеңейтті. Еліміздің жетекші университеті 17 пәндік және 3 салалық рейтингіге ұсынылған.

ЕҰУ Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында QS пәндік рейтингісінің топ-100 көш бастап тұр. Үздік бірінші жүздікке бірден 5 пән кірді: «Қонақжайлылық және демалысты басқару» (49),  «Өнер және дизайн» (51-100 аралығы),  «Лингвистика» (69), «Заманауи тілдер» (84) және «Ағылшын тілі мен әдебиеті» (93).

ЕҰУ «Қонақжайлылық және демалысты басқару» бағытында рекордтық жетістіктер көрсетіп, әлемдегі 2253 университет арасында алғашқы топ-50 енген Орталық Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны болды. Өткен жылы университеттің аталған пән бойынша көрсеткіші 51-100 аралығында болған. Жоғары нәтижелерге бір басылымға дәйексөздер саны көрсеткіштерінің жоғарылауы арқасында қол жеткізілді. 

«Қазақстандық жоғары оқу орындарының пәндік рейтингідегі позициялары санының 41-ден 57-ге дейін және салалық рейтингіде тоғыздан онға дейін өсуі, жаңа рейтингінің бірінші жүздігінде бірқатар пән бойынша өкілдіктің кеңеюі, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қонақжайлылық және демалысты басқару» білім беру бағдарламасының әлемнің үздік топ-50 әсерлі кіруі, Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жарияланған рейтингтердегі дебюті және басқа да бірқатар маңызды жетістіктер елдегі жоғары оқу орындарының жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде басшылардың, профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлердің кәсібилігін көрсетеді. Бір басылымға дәйексөздер санының өсуі қазақстандық авторлардың бірінші және екінші квартильдердің ғылыми басылымдарындағы жарияланымдарының бұрын-соңды болмаған жоғары үлесімен ұштастырылғанын атап өту маңызды», – деді QS өңірлік директоры Сергей Кристолюбов.

Көптеген сала бойынша ЕҰУ ондаған сатыларға жоғары  көтеріліп, өткен жылғы нәтижелерді жақсартты: «Тіл білімі» бойынша 94-тен 69-орынға, «Заманауи тілдер» – 88-ден 84-орынға, «Техника және технология» саласы бойынша 200 позицияға алға ілгерілеп, 327-орынға ие болды.

Өткен жылмен салыстырғанда «Археология», «Өнер және дизайн», «Ағылшын тілі мен әдебиеті», «Тарих», «Қазіргі тілдер», «Экономика және эконометрика», «Қонақжайлылық және демалысты басқару», «Инженерия және технология» пәндері бойынша көрсеткіштер едәуір жоғарылады.

Алғаш рет әлемдік рейтингіде «Білім» (топ-400), «Әлеуметтану» (топ-300) және «Электрлі және электрондық  инженерия» (топ-530) пәндері кірді.

Пәндік рейтингіде университеттің академиялық сарапшылар мен жұмыс берушілер арасындағы беделі, академиялық зерттеулердің дәйексөздері, жарияланымдардың Хирш индексі және халықаралық зерттеу желісінің индексі бағаланады.

Айта кетейік, ЕҰУ 2017 жылдан бастап QS пәндік рейтингіде бар.