Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фрак­ция­­­сының мүшесі Ринат Заитов Абай облысы Ақсуат ауданына барып, қар­­ғын су жайылған учаске­лер­дің жай-күйімен та­нысты.
Уақытша өткел салынып жатыр
521
оқылды

Аудан әкімі Асхат Смаилов облыстық маңызы бар «Сәтбаев – Ақсуат» тасжолын қызыл су шайып, бүлінген тұстары қалпына келтірілгенін жеткізді. Сондай-ақ аудан басшысы «Қарағанды – Аягөз – Боғас – Кіндікті» бағы­тын­дағы автожол бойында ор­наласқан Боғас өзенінен өтетін көпірдің су тасқыны салдарынан бүлінген тұсын көрсетіп, оны қалпына келтіру жұмысы туралы баяндады. 

Айта кетейік, Боғас өзені ар­қылы Ақсуаттан Кіндікті ауылына алып баратын көпірді су шайып, аудан орталығымен уақытша жол қатынасы үзілді. Алайда жергілікті атқарушы билік жағдайды жедел ретке келтіру жұмысын қолға алып, бүгінде «Зайсан-Құрылыс» ком­паниясы уақытша өткел салуды бастап кеткен. Аудандық жедел штаб алгоритміне сәйкес, жергі­лікті атқарушы органдар, мемле­кеттік мекемелер, төтенше жағдай қызметі, ауыл азаматтары, волон­терлер бірлесе әрекет етіп, ауыл­дар­дағы тұрғын үйлерге, қора-қоп­сыға, дүние-мүлікке, төрт түлікке ешқандай залал келмегенін айтып отыр.