Шығыс Қазақстан об­лыс­тық филиалындағы «Кі­тап – AMANAT» орталығында жазу­шы, драматург, аудар­машы, зерттеуші, публицист Жүсіп­бек Аймауытовтың туғанына 135 жылдық мерейтойына орай зиялы қауым өкілдері­мен жастар кездесті.
Аймауытовтың мерейтойына орай кездесу өтті
882
оқылды

Кездесуге «AMANAT» пар­тиясы Шығыс Қазақстан облыс­тық филиалының төрағасы Сай­рангүл Жұмаділова, Шығыс Қа­зақстан облыстық Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының өкілдері мен жастар қатысты. Шара барысында алаштың ардақ­тысы болған Жүсіпбек Аймауы­тов­тың өмірбаяны мен шығар­ма­шылығы туралы кітапхана өкіл­дері қатысу­шы жастарға ақпарат­тар берді.

«Жүсіпбек Аймауытовтан қалған мұра өте көп. Әсіресе, оның проза мен драматургиядағы орны үлкен. Оның ішінде «Қарт­қожа», «Ақбілек» романдары, «Күнікейдің жазығы» повесі мен көптеген әң­гімелер, «Рабиға», «Мансапқор­лар», «Сылаң қыз», «Ел корғаны», «Қанапия–Шәр­бану», «Шернияз» атты пьесалар, өлең­дер мен «Нұр күйі» поэмасы, ба­лаларға арналған ертегі кітап­ша­лар, сын мақалалар мен көпте­ген аударма кітап, оқу­лықтар бар. Жүсіпбек Аймауытов­тың шығар­малары, негізінен жазу­шы өмір сүрген дәуірдің шындығын сурет­теуге арналады», – деді фи­лология ғылымдарының канди­даты, Сәрсен Аманжолов атындағы ШҚУ-дың қазақ, орыс филоло­гия­сы және журналистика ка­фе­драсының қауымдастырылған профессоры Сәкен Қасенов. 

Партияның бастамасымен «Кітап – AMANAT» орталығында еліміздің әдебиет пен мәдениет саласына мән берілген жастарды рухани тәрбиелеуге бағытталған шаралар тұрақты түрде өткізіліп отырады.