Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.
Астанада зауыт асханасы өртенді
Фото: ТЖМ
703
оқылды

Түнде Астана қаласының Байқоңыр ауданында бетон зауытының аумағында орналасқан асханадан өрт шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ТЖД күшімен асханадан 4 газ баллоны шығарылған. Жедел шаралардың арқасында 60 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің себебі анықталып жатыр.