Орал қаласында ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 10 сәуір күні болған.
«Абай полиция бөлімі осы қылмыстық іске қатысты тергеу амалдарын жүргізуде. Жедел тергеу іс-шаралары нәтижесінде қылмыстың ізі суымай, күдікті анықталып, ұсталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», – деп хабарлады ведомстводан.