Азаматтар төлем алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінуі қажет.
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 504 отбасы біржолғы төлем алды
Фото: gov.kz
1,181
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қажетті көмек көрсету үшін тиісті шаралар қабылдануда, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Бүгінде су тасқынынан зардап шеккендерге біржолғы әлеуметтік төлем беру процесі жүріп жатыр. Азаматтар төлем алу үшін тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгінуі қажет. Ақтөбе және Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем мөлшері 300 мың теңгені құрайды. Ал қалған аудандардың тұрғындары үшін – 100 АЕК (369 200 теңге).

Қазіргі таңда барлығы 1026 өтінім қабылданып, 504 отбасына жалпы сомасы 162,7 миллион теңгеден асатын төлем жасалды.