Оның мәйіті 10 сәуір күні табылған.
Алматыда төрт ай бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz
718
оқылды

Алматы қаласында 2023 жылдың желтоқсан айында із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lider.kz еріктілер ұйымына сілтеме жасап.

Еріктілер ұйымының мәліметінше, 1990 жылы туған Ршимов Айян Едігеұлы 2023 жылғы 13 желтоқсан күні жоғалып кеткен. Ол кешке қарай үйінен шығып, сол күйі қайтып оралмаған.

Волонтерлер ер адамның қайтыс болғанын мәлімдеді. Оның мәйіті 10 сәуір күні табылған.

Алматы қалалық Полиция департаменті ақпаратты растады.

«Өз-өзіне қол салу дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомстводан.