Төтенше жағдайлар министрлігінің бүгінгі су тасқыны жағдайы бойынша мәліметі.
Су тасқыны: өңірлердегі бүгінгі ахуал
599
оқылды

Бүгін еліміздегі апаттық өңірлерден ааматтық қорғау қызметтері 97 852 адамды, оның ішінде 32 856 баланы эвакуациялады. Уақытша пункттерге 7 173 адам, оның ішінде 3 494 бала орналастырылды. 8,8 млн м3 еріген қар суы сорылып, 1,4 млн астам қапшық және 1,1 млн тонна инертті материал төселді.

Ақмола облысының Жабай, Жыланды, Нұра және Есіл өзендерінде мұз кептелісін болдырмау мақсатында ТЖД және ЖАО күштерімен жарылыс жұмыстары жүргізілді. Қабылданған шаралармен 10 мұз кептелісі жойылды.

– Атбасар ауданында жағдай күрделі. Судың деңгейі 4.45 болғанымен, тағы 35 сантиметрге көтерілді. Соған қарамастан біздің қызметкерлер қорғаныс бамдыларын нығайту бойынша жұмыс істеп жатыр. Барлығы 1300-ден астам жеке құрам мен  300-ге жуық техника іске қосылды. Кешеден бері 35 үй мен 17 үй алаңын су алды.  Ол үйдің тұрғындарына біздің қызметкерлер алдын-ала апаттық жағдайды ескертіп, эвакуацияланған болатын. Ал Жібек жолы ауылында су қатты көтерілмеді, сондықтан әзірге үлкен қауіп төніп тұрған жоқ, – дейді  Ақмола облысындағы жағдай туралы №1 мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы Ұлан Бейсембаев.

Құлсары қаласында бөгетті нығайту жалғасуда. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс жасауда. Ал ТЖМ 68303 әскери бөлімінің әскери қызметшілері ШҚО Алтай ауданы Бесқарағай ауылында су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізуде.

Қазақстанның Солтүстігіндегі су тасқынына қарсы күрес әлі жүріп жатыр. Облыстағы ахуалды Төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы Жазира Қожахметова айтуынша, әсіресе Есіл өзені облыс орталығына қауіп төндіріп тұр. Тасқынмен күрес шаралары күні-түні жүргізілуде.

– Су тасқыны басталғалы елдің ауласынан 638 мыңнан астам м3  су сорылып, 249 мың метрден астам арық тазаланды. Бес мыңнан астам бөгеп салынып, 15 мың метрден астам бөгеттер нығайтылды. Тас жолдардағы 17 учаскіні су басып, белгілері қойылды. Жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлерінің күшімен кезекшілік ұйымдастырылып, жағдай бақылауға алынды. Жақын орналасқан елді мекендерді су басып қалмау мақсатында еріген суды өткізу үшін республикалық және облыстық маңызы бар жол төсемі 8 жерден ашылды. Есіл өзенінің су көтерілгендіктен бір тәулік ішінде Ескелді ауданының үш елді мекенінде 56 тұрғын үйді су астанда қалды. Сөйтіп, 277 адам, оның 96-сы бала пунктерге көшірілді, –  деді Жазира Қожахметова.