«Қазсушардың» мәліметінше, қазір Ресейдегі Орынбор қаласында тарихта болмаған су тасқыны болып жатыр.
Орынборда тарихта болмаған су апаты болып жатыр
inform.kz
1,489
оқылды

Бұл туралы "Қазсушар" РМК Батыс Қазақстан филиалы директорының міндетін атқарушы Рауан Ерланұлы Құсайынов айтты.

Ресейлік әріптестерімнің айтуынша, Орынбордың тарихында болмаған су апаты болып жатыр. 1957 жылы 9,74 метр болған болатын. Қазіргі таңда судың деңгейі 10,54 (10,60) метрге жетті. Ирикла су қоймасы мен Сакмара өзенінің қосылуы әсерінен Жайық өзені қазіргі жылдамдықпен 5-6 күнде қауіпті деңгейге көтеріледі, – деді ол.