Әнші күйеуімен жұмыс бабы бойынша танысқан.
«Менің бағыма келген азамат»: Толқын Забирова өзінен 14 жас үлкен күйеуімен қалай танысқанын айтты
Фото: instagram/tolkynzabirova
11,637
оқылды

Әнші Толқын Забирова жолдасы Сафар Бабаевпен қалай танысқанын "Мамский әңгіме" бағдарламасында айтып берді. Өнер иесінің жолдасы өзінен  14 жас үлкен, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Әнші күйеуімен жұмыс бабы бойынша танысқан. Оның айтуынша, бастапқыда өзінен 14 жас үлкен азаматпен қарым-қатынас құруға ыңғайсызданған. 

"Ол менің бағыма келген азамат деп ойлаймын. Өйткені әр нәрсенің өз жолы болады. Ол кезде "Тамаша" деген бағдарламаның айқайлап тұрған кезі еді. 24 жастамын. Сол уақытта "Тамаша" бір гастрольге бармақ болады. Оны менің жолдасым ұйымдастырады. Әртістер бар, әншілер жоқ. Сонымен әншілерді іздеп жүріп, маған тап болады. Досы оған Бақыт Шадаева мен менің нөмірімді береді екен. Бақытқа хабарласса, ол біреумен сөйлесіп жатыр екен. Ал менің телефоным бос болды. Мен тұрған үйде кешкі сағат оннан кейін ешкім ешкіммен телефон арқылы сөйлеспейді. Ал Сафар маған түнгі 11:30-да қоңырау шалды. Ол хабарласқанда қатты таңғалдым. Өйткені ол әртістер үшін аңызға айналған адам болды. Аты шыққан жұлдыздармен жұмыс істеді. Оны сырттан жақсы танитынмын. Оның ұсынысын қуана қабылдадым. Ол кезде қарыздарым бар еді. Өнер көрсетсем гонорар түсіп, қарыздарымнан құтыламын деп ойладым. Ертесіне таңғы жетіде алып кетті. Сол сапарда маған көзі түсіпті. Екеумізге ұшаққа билет жетпей қалды. Мейрамханаға шақырды. Қатты ұялып қалдым. Басында  оны үлкен кісідей көрдім. Себебі арамыз 14 жыл болды", – дейді ол.