Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды.
ШҚО-да лай көшкіні салдарынан жол жабылды
2,058
оқылды

ШҚО аумағында бүгін таңда «Теректі-Ұрынхай-Төсқайың» облыстық маңызы бар жолдың 13 шақырымында («Мраморное» асуы маңы) лай  көшкіні жүріп, салдарынан жол жабылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

ШҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тұрғындардың қауіпсіздігі мақсатында жол қозғалысы шектелді. 

– Болған жағдай туралы «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері мәлімдеген. Оқиға орнында жергілікті атқарушы билік және ТЖ қызметі жұмыс істеуде. Қайта қалпына келтіру жұмыстары бойынша ауыр техника жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері кезекшілік ұйымдастырды, – делінген әкімдік хабарламасында. 

Лай көшкіні жаңбыр және қардың еруі салдарынан болған.