2024 жылғы 12 сәуір күнгі сағат 09:00 жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 4 облыста (Ақмола, СҚО, Атырау, Қостанай) 7 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 8695 метр болатын су тасқыны орын алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, 6 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Маңғыстау, СҚО) республикалық маңызы бар 13 автомобиль жолында (ұзындығы 618 км) қозғалысқа шектеу қойылды.
«Қазіргі таңда республикалық жолдарда 450 техника мен 853 адам жұмылдырылған», – делінген хабарламада.