Полиция департаменті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.
Ақтөбеде спорт мектеп-интернатының оқушысы көз жұмды
Фото: Әлихан Сариев
591
оқылды

Ақтөбе облысында мектеп-интернаттың 8-сынып оқушысы кенеттен көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

8-сынып оқушысы 11 сәуір күні сағат 22:00 шамасында есінен танып құлаған. Ол ауруханаға барар жолда, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Ол Ақтөбе облысы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің мамандандырылған мектеп-интернатында оқыған. Қазір оқушының өліміне не себеп болғаны анықталып жатыр.

Полиция департаменті денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Сонымен қатар спорт мектебі қызметкерлері жұмысына салғырт қарау дерегі бойынша тергеліп жатыр.