Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.
Тұман, жаңбыр, қар: 13-15 сәуірге ауа райы болжамы жарияланды
4,593
оқылды

"Қазгидромет" РМК 13-15 сәуірге ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Республиканың басым бөлігіне әлі де атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр жауады, түнгі уақытта елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жауады, жаңбырдың арты қарға ұласады.

"Оңтүстікте, 14-15 сәуірде елдің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр болжанады. Тек Шығыс Қазақстан облысында, 13-14 сәуірде Абай облысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі", – деп жазылған хабарламада.

Республика бойынша жел соғады, түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түседі, күндіз батыс, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнайды. Дегенмен ауа температурасында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.