Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қахарман балаларының тегін ауыстыруына қатысты пікір білдірді.
"Уақыт керек". Бишімбаевтың бұрынғы әйелі балаларының тегін ауыстыруға қатысты ойын айтты
1,451
оқылды

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-әйелі Назым Қахарман балаларының тегін ауыстыруына қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

"Тегін ауыстыру оңай емес! Уақыт керек. Ауыр моральды-психологиялық жағдайына, әкесінің іс-әрекетіне қарамастан өміріндегі қиын маусымды өткізіп, өзінің жас категориясында еліміздегі үздік қақпашы атанды. Екінші жыл қатарынан! Мақтан тұтамын!" – деп жазды ол.