Баспасөз брифингі кезінде Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені 14,75% деңгейінде сақтап қалуға – бір жағынан су тасқыны салдарынан туындауы мүмкін тәуекелдер себеп болғанын айтты.
«Су тасқынының салдарын жоюға қажет болатын бюджет шығыстарының көлемі әлі анықталған жоқ», – деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық банк инфляция динамикасына да баға берді. Жылдық инфляцияның қарқыны бәсеңдегенімен, төмендеу қарқыны әлі баяу.
«Экономикада инфляциялық қысымды орнықты тұтынушылық сұраныс тудырып отыр. Оған тұтынушылық кредиттеудің кеңеюі ықпал етті. Жоғары инфляциялық күтулер мен реттелетін қызметтерде жалғасып келе жатқан реформалардың инфляцияның тез төмендеуіне кедергі келтіруде», – деп тоқталып өтті Ұлттық Банк Төрағасы.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, Ақша-кредит саясаты комитеті қабылдаған шешім Ұлттық банктің бұған дейінгі риторикасына толық сәйкес келеді. Сол себепті Орталық банк ақша-кредит саясатын жұмсартуға келгенде ұстамдылық қағидатын ұстанғысы келеді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Ұлттық Банк базалық мөлшерлемеге қатысты кезекті шешімін жария етті. Келесі шешім 31 мамырда қабылданады.