Іс-шараға қатысушылар журналистика, редакциялық іс саласында сапалы кадрлар даярлау мәселелерін талқылады.
Қоғам өмірінде газет-журналдың рөлі зор – Нұртөре Жүсіп
1,134
оқылды

Парламент Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп өңірдегі мерзімді басылымдардың республикалық форумының екінші отырысына қатысты.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде газеттер мен журналдардың рөлі туралы айта келіп, қазіргі қоғам үшін сапалы және уақытылы ақпарат басты құндылықтың бірі екенін атап өтті. Оның әзірленуі мен таралуы – бұқаралық ақпарат құралдарының міндеті. Мерзімді баспасөз – олардың ішіндегі ең көнесінің бірі.

«Қоғам өмірінде газет-журналдың рөлі орасан зор. Журналдар, газеттер, ғылыми-көпшілік және көркем әдебиет ғылым мен мәдениеттің барлық жетістіктерін сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің негізгі құралы болып табылады. Журналдар мен газеттер барлық жастағы адамдарға білімнің қайнар көзі ретінде қызмет етеді, өмірді білуге және бағалауға, қоғамдық қатынастар мен табиғат құбылысының заңдылықтарын түсінуге көмектеседі. Адамның әлеуметтік және адамгершілік мұраттарын қалыптастыру, оның қоғамдық мінез-құлық ғадеттерін үйренуде баспасөздің рөлі ерекше», - деді Нұртөре Жүсіп.

Іс-шараға қатысушылар журналистика, редакциялық іс саласында сапалы кадрлар даярлау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ басылымдық БАҚ-ты дамыту туралы ұсыныстар айтылды. Сенатор сонымен қатар Парламент Сенатының қызметі туралы, атап айтқанда, ақпарат және баспасөз саласында жүзеге асып жатқан шаралар мен қабылданып жатқан заңдар туралы айтып берді.