Тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға пәтер шығынымен бірге, үй ішіндегі зақымданған мүліктің құны да өтеледі. Бұл туралы Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов айтты, – деп жазады Aikyn.kz.
Қостанай облысындағы 51 ауыл, Тобыл қаласы қарайтын ең үлкен Қостанай ауданына 4 мыңға жуық адам эвакуацияланған, – деп жазады qazaqstan.tv.
Алтынсарин ауылында өткен аптада 151 үйді су басып қалды. Шығынды есептеумен айналысатын комиссия құрылды. Сонымен бірге құрылыс сарапшылары ауылдағы үйлерді аралап сараптама жасап жүр.
"Техникалық сараптама жасап отырмыз. 80 пайыздай жарамсыз. Халықтың өтінішін алып, бізден кейін тауар- материалдық сараптама жүріп жатыр", – деді "Стройэксперт плюс" компаниясының сарапшысы Алтай Базылбеков.
– Заң бойынша 30 күннің ішінде. Бірақ біз 3-4 күннің ішінде төлеп береміз. Пәтер шығын бөлек есептеледі. Іштегі қалған мүліктің бәрі өтеледі, – деп жеткізді Қостанай ауданының әкімі Берік Таңжарықов.