Эльмира Сыздықова Бішкектегі (Қырғызстан) Азия чемпионатында қола медальға қол жеткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазақстандық балуан 76 келі салмақта жүлдегер атанды. Ол қола медаль үшін күресте үндістандық Прияны жеңді.
Кездесу барысында жеңіліп жатқан Сыздықова қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді.
Айта кетелік, Эльмира Сыздықова турнирдің жартылай финалында қырғызстандық Айпері Медетқызынан ұтылған болатын.
Бұған дейін Диана Каюмова қола медаль иеленді.