Бүгін Құлсарыда жоғалып кеткен екінші адамның, яғни 24 жасар жігіттің мәйіті табылды, – деп жазады Aikyn.kz.
«Бүгін, 14 сәуірде сағат 13:40-та 2000 жылғы ер адамның мүрдесі тұрғын үйінен 1 шақырым қашықтықтан табылды. Мүрде тасқын судың астында 1,5 метр тереңдіктен табылды», – деп мәлім етті департаменттің қоғаммен байланыс тобы.
Айта кетейік, бүгін таңертең 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылған болатын. Түстен кейін баласының мүрдесі табылып отыр.