Ақтөбе облысында 960 отбасы біржолғы төлем алды, – деп хабарлады өңір әкімдігі.
Бүгінде Мемлекет басшысының су тасқынынан зардап шеккендерді жан-жақты қолдау, қажетті көмек беру туралы тапсырмасын орындау аясында Ақтөбе өңірінде көлемді жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі – қиын жағдайға тап болған отбасына біржолғы әлеуметтік төлем беру.
Облыста 1 272 отбасы бірреттік көмекті алуға өтініш білдірген. Жұмыспен қамту бөлімдері 12 сәуірде 960 отбасыға 313 миллион теңгеден астам сома төледі», – делінген облыс әкімдігінің хабарламасында.