ҚР Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады, – деп жазады Aikyn.kz.
«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады», – деп жазылған мәлімдемеде.
Сонымен бірге, Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдау көрсететін атап өтеді.