"ҚазАвтоЖол" Ұлттық компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқыны жағдайы туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
15 сәуір күнгі сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында күннің жылынуы мен қардың еруіне байланысты 3 облыста жалпы ұзындығы 5280 метр 9 учаскеде еріген судың жол жиегінен шығып кету оқиғалары тіркелген (Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы).
"Еліміздің 5 облысында (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облысы) ұзындығы 421 шақырымды құрайтын республикалық маңызы бар 11 жолда көлік қозғалысы шектелді", – делінген мәліметте.
Қазір республикалық жолдарда 417 бірлік техника мен 523 адам жұмыс істеп жатыр.