Жайық өзені бүгін де біртіндеп көтеріліп, айтарлықтай қауіп төндіріп тұр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2024 жылғы 15 сәуір, сағат 08:00
Соңғы бір тәулік ішінде БҚО-дағы Жайық өзені деңгейінің өзгерісі:
Ресеймен шекарадағы Январцево ауылы тұсында -1 см;
Орал қаласында +13 см
Көшім ауылы тұсында +12 см
Тайпақ ауылы тұсында +11 см-ге көтерілген.
Орал қаласы тұсында Жайық деңгейі 7 метрден 68 см асты. Қауіпті деңгей 850 см.
Өзен кемерінен толық асуына 82 см ғана қалды. Қазірдің өзінде Жайық суы көп жерде жайылмаға шығып, тасып жатыр.