Арменияның Мемлекеттік резиденциясында Ереванға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт берді.
Қазақстан мен Арменияның әнұрандары шырқалғаннан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Никол Пашинян бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.
Салтанатты рәсімнен кейін Мемлекет басшысы мен Армения Премьер-Министрі келіссөз өтетін залға барды.