Атырау облысында 4 адам пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Алайда, оның біреуі ауруханада көз жұмды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға бүгін, 15 сәуірде болған.
«Мақат аудандық полиция бөлімінің 102 арнасына 2 адамның жанжалдасып тұрғаны туралы хабар түсті. Аудандық ауруханаға 1987 жылғы 4 адам түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Төртеуі де – аталған ауданның тұрғындары. Зардап шеккен адамның біреуі дене жарақатының салдарынан ауруханада қайтыс болды», – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 2003 жылғы жігіт анықталған.
Күдіктіге қатысты Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп отыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.