«Ашық НҚА» порталында Еңбек министрінің мамырдағы демалыс күнін ауыстыру туралы бұйрық жобасы жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құжат бойынша демалыс күнін 4 мамырды сенбіден 8 мамыр, сәрсенбіге ауыстыру көзделген.
Құжат қабылданса, ел тұрғындары үш күн қатарынан демалады. Яғни, 7 мамыр (Отан қорғаушылар күні), 8 және 9 мамыр (Жеңіс күні) күндері демалыс болып жарияланбақ.
5 күндік жұмыстағыларға:
- 1 мамыр – демалыс;
- 2, 3, 4 мамыр – жұмыс;
- 5 мамыр – демалыс;
- 6 мамыр – жұмыс;
- 7, 8, 9 мамыр – демалыс;
- 10 мамыр – жұмыс;
- 11 және 12 мамыр – күнтізбелік демалыс болады.