Биыл 12 сәуірде «Мраморное» асуы маңында топырақ көшкіні жүріп, облыстық маңызы бар жол опырылып түскен еді. Тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында аталған жол бөлігі уақытша жабылған болатын. «Қазір жолдарды жедел қайта қалпына келтіру жұмысы басталды. Аймақ басшысы жол жөндеу жұмысы барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді. Жол жөндеуге қажет техникаларды тарта отырып, тасжолды жедел қалпына келтірдік. Жағдайды жіті бақылауда ұстаудамыз», – деді облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанболат Қазанов.
Бүгінде облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, жол қызметінің арнайы мамандары топырақтағы ылғал көлемін есептеп, өзге аумақтарда осындай жағдай қайталанбас үшін қадағалау жүргізуде.