Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы облыста су тасқынына қарсы шаралар қалай жүріп жатқаны жөнінде айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өткен тәулікте жағалауды нығайту жұмыстарына:
- 932 арнайы техника;
- 3054 мекеме қызметкері;
- 5472 ерікті жұмылдырылды.
Сондай-ақ 139,2 шақырым бөгет тұрғызылды.
Жалпы жиналған гуманитарлық көмек көлемі – 72 тонна.