Бүгін ауа райы қандай болады?
Жел күшейіп, жаңбыр жауады: 17 сәуірге арналған ауа райы болжамы
2,980
оқылды

«Қазгидромет» 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстан территориясының басым бөлігінде күн жаңбырлы болады.

Республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Тек еліміздің оңтүстік-батысында, қиыр шығысында күн жауын-шашынсыз болады.

ҚР бойынша найзағай ойнап, тұман түседі, жел күшейіп, оңтүстікте дауыл тұрады, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.