Әншінің әкесі жақында өмірден өткен.
«Жүрегім сыздап, кімді іздейтінімді түсінбеймін»: әнші Асқар Жүнісбеков әкесіне арнап әсерлі жазба жариялады
Фото: instagram.com/askar__tau
2,860
оқылды

Әнші Асқар Жүнісбеков әлеуметтік желідегі парақшасында әкесіне арнап жазба жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Өнер иесі жақында әкесі өмірден өткенін айтып, жан сырын ақтарды.

«Ата-анадан бұйырған өмірімнің де тәрбиемнің де құнын құрметтеймін, ризашылығым да шексіз. Жасымда, әкемнің көңілі үшін «қайтсем де жақсы ұл болуым керек» деп өзімді қамшылауым жаман атқа ұрындырмады (деп ойлаймын). Әкем Марат Шырынбекұлы ораза айттың бірінші күні өмірден озды. Жүрегім сыздап кімді, нені іздейтінімді түсінбеймін. Өзімді ме, өзімдегі бірдеңені ме жоғалтып алғандаймын. Ойыма, жаныма кедергі боп, сипаттауҒа келмейтін бірдеңе тұр. Біздің алаңсыз өміріміз үшін тірліктің бар бейнетін ауырсынбай мойындарына жүктеп алған осынау асыл жандардың қадірін біле алдық па? Көңілін таба алдық па? Перзенттік парызымызды өтей алдық па? Осындай ойлар бізді неге әкеміз жанымызда жүргенде мазаламады екен? Әлде әкеміз барда неше жасқа келсек те өзімізді бала сезінеміз бе?!… Мойныңа мінгізіп еркелеткен, мейірлене құшақтап бауырыңа басқан кездерің енді ешқашан оралмайтын қымбат естеліктер боп қала бермек. Жатқан жерің жайлы болсын, мейірімі шексіз Алла тағала жәннаттан орын бұйыртсын жан әке!…», – деп жазды әнші.