Әлеуметтік желіде әнші Бағлан Әбдірайымовтың видеосы қызу талқыға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Өнер иесі Instagram-дағы парақшасына ер адамға ақша беріп жатқан видеосын жариялады. Айтуынша, бейнежазбадағы адам әншінің жақында жарыққа шығатын фильміне қаржы бөлген инвестор екен.
«Ақша жүрген жерде қарыз бар… Қаржы эксперті ретінде, Бағлан мырзаның 25 сәуір күні басталатын ZERO QARYZ фильміне талдау жасап, өз бағамды бердім! Отбасыңызбен бірге келіп көруге кеңес беремін! Қарызыңыз болса тез құтылуға, болмаса ешқашан оған кірмеуге себеп болатын туынды болатынына сенімдімін!» – деп жазылған видеода.