Атырау облысы Жылыой ауданында су тасқыны салдарын жою жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жылыой ауданында Жем өзенінің су деңгейі көтеріліп, тұрғын үйлер мен ғимараттарды су басқан еді.
Бүгінде су басқан тұрғын үйлерден су айдау жұмыстары жүргізілуде.
Су тасқыны басталғалы бері Жылыой ауданында:
- 731,300 текше метр су сорылды;
- 245 000 топырақ және 397 000 тонна инертті материалдар төселді.