Кенен Әзірбаевтің 140 жылдығына орай «Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы» атты концерт өтеді.
Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы
763
оқылды

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығы Кенен Әзірбаевтің 140 жылдығына орай өткізілетін «Жетісу өңірінің ән-күй мұрасы» атты концертіне шақырады.

Жетісу өңірінің ән-күй мектебі - өзге өңірлердің əн салуы мен күй шертуіне ұқсамайтын өзіндік мəнері бар ерекше мектептердің бірі. Жетісу өнерінің əн-күйі Қабан жырау, Сүйінбай Аронұлы, Дəурен салдардан бастау алады. Күйшілік өнері Жамбыл Жабаев, Кенен Əзірбаев сынды дәулескер күйшілердің есімімен тығыз байланысты. Одан бөлек, Нұрғиса Тілендиевтің күйшілік өнері қазақ музыка мәдениетіне өшпес із қалдырды.

Концерттік бағдарламада көрермен назарына аталған Жетісу өңірінің ән-күй мектебінің өкілдерімен қатар, Жетісу жерінің дарабоздары Сәдіқожа Мошанұлы және Қапез Байғабылұлының бұрын-соңды ел естімеген және кеңінен таралмаған әндері ұсынылады.

Музыкалық кешке «Халық қазынасы» ұлттық өнер бөлімінің өнерпаздары және шақырылған қонақтар қатысады. Атап айтқанда, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Құмарбек Қалқатай, Елмұра Жаңаберген, Раушан Оразбаева, Айгүл Елшібаева, Ардақ Балажанова, Нұрболат Арзамасұлы, ҚР Мәдениет қайраткерлері Толғанбай Сембаев, Ерболат Шалдыбеков, ҚР Мәдениет саласының үздіктері Қайрат Айтбаев, Перизат Тұрарова, Батырлан Әбенов, Гүлниза Жұмажанова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Асқар Мұқият, халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары Дінисламбек Жайлаубай, Жазгүл Даңылбаева, Жасұлан Есімхан, Бекарыс Көштаев, Бауыржан Мұхаметбай қатысады. Кеш жүргізушісі – «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының жетекшісі Жасұлан Наурызбайұлы.

Өтетін күні мен уақыты: 19 сәуір, сағат 19:00 

Өтетін жері: Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы  Республика даңғылы, 2