Қазір республикалық жолдардағы жағдайды реттеу үшін 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.
5 облыста су тасқынына байланысты республикалық маңызы бар жолдар жабық тұр
Фото: "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Батыс Қазақстан филиалы
545
оқылды

"ҚазАвтоЖол" компаниясы республикалық маңызы бар жолдардағы су тасқынына қатысты деректерді жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«18 сәуір сағат 09:00-дегі жағдай бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа райының жылынуы мен қардың күрт еруі салдарынан 3 облыста (Ақмола, СҚО, Қостанай) 8 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 7120 метр болатын су тасқыны орын алды.

5 облыстағы (Ақтөбе, Ақмола, Атырау, Қостанай, СҚО) республикалық маңызы бар 12 автомобиль жолдарында (ұзындығы 720 км) қозғалысқа шектеу қойылды», – деп жазды ведомстводан.

Қазір республикалық жолдардағы жағдайды реттеу үшін 307 бірлік техника мен 370 адам жұмылдырылған.