Өңірде облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.
Павлодарда су тасқыны қаупі толығымен жойылды
643
оқылды

Павлодар облысында су басу қаупі толығымен жойылды. Бұл туралы облыстық әкімдік аппаратының басшысы Дидар Ибраев Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифинг барысында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде өңірде су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың барлық өтінімдері толық көлемде өтелген.

– Облыстық штаб тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі таңда жағдай – тұрақты. Демеушілік қаражат есебінен 98 млн теңгеге 120 отбасы өтемақы алды. Өңірде қалпына келтіруге келмейтін 7 үй тіркелді. Оның ішінде екі отбасына сол елді мекенде басқа тұрғын үй сатып алынды, – деді спикер.

Сонымен қатар 5 отбасы үшін жаңа үйлердің құрылысы басталған. Жұмыстар 3 айда аяқталады.