Тимур Құлыбаев Атырау облысындағы су тасқыны зардабын жоюға 30 млрд теңге бөледі. Бұл туралы Telegram-дағы Energy monitor арнасы жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл қаражат тұрғын үйлерді қалпына келтіру мен салуға, инфрақұрылымды қалпына келтіруге, сонымен қатар табиғи апаттан зардап шеккен азаматтарды қолдауға бағытталады. Жұмыс шығын есептелгеннен кейін басталмақ.
«Су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарды уайымдап отырмыз. Алғашқы күннен бастап су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға көмек көрсетудеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен біз барлық қиындықты бірге еңсеретінімізге сенімдімін», – деді Тимур Құлыбаев.
Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қостанай облысына сапары кезінде Forbes тізіміне енген ірі кәсіпкерлермен сөйлесетінін, олар су тасқынынан зардап шеккен әр облысқа бекітілетінін айтқан болатын.