Астана қаласындағы жол даңғылдарының бірін еріген қар су басып қалып, көлік қозғалысы қиындады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Астанада қар жинау полигонында еріген қар суы ағындары Ұлы Дала даңғылының бойында жол төсеміне жайылып жатыр», - делінген жұма күні таратқан хабарламада.
Оқиға орнына Төтенше жағдайлар қызметі мен жергілікті атқарушы органдардың күштері жұмылдырылған.