Атақты кофеханалар желісі кофе ішетін шыныаяқтарды өзгертті, түтікшелер пайдалануды тоқтатты. Бұл қоршаған ортаға деген жанашырлық деп айтылуда.
Кофе ішетін стақандар өзгерді, пластикалық түтікшелерге тыйым салынды (видео)
Жаңа стақандарда пластик 20% аз болады. Фото csri.ru сайтынан алынды
1,618
оқылды

Starbucks енгізген жаңашылдықтар туралы Quartz сайты арнайы хабарлама жасады. Енді кофе құятын Tall, Grande және Venti стақандарының қақпақтарының өлшемдері бірдей болатын болды. Осы хабарламаға сүйенген Aikyn.kz кофеханалар желісіндегі басқа да жаңашылдықтарды талдайды.

Starbucks қоршаған ортаға тигізетін әсерін екі есе азайту мақсатында пластикалық шыныаяқтарын өзгертеді. Фото pikabu.ru сайтынан алынды

Starbucks 2030 жылға қарай қоршаған ортаға тигізетін әсерін екі есе азайту мақсатында пластикалық салқын сусындар шыныаяқтарын өзгертетін болды. Бұл туралы компания кеше бейсенбіде (18 сәуірде) мәлімдеді.

Кофеханалар желісінде қолданылатын жаңа стақандар жасауда бұрынғыға қарағанда 20% аз пластик пайдаланылады және барлығының қақпақтарының өлшемдері бірдей  болады. Бұл оларды сақтауды да жеңілдетеді. Алдымен Starbucks бұл жаңашылдықтар алдымен АҚШ пен Канада енгізбекші, әлемдік кофеханалар желісі жаңа стақандарға 2025 жылдың көктемінде көшіріледі.

Оған дейін қазақстандық кофеқұмарлар дәстүрлі стақандарға құйылған кофені ішетін болады. 

Starbucks-тің жаңа стақандарының өлшемдері осындай. Фото Starbucks сайтынан алынды

Компанияда жасалған жаңа шыныаяқтар «шығарындыларды азайтуға және өндіріс процесінде суды үнемдеуге» көмектеседі. Атап айтқанда, Starbucks жаңа шыныаяқтарды өндіруге «аз шығын» жұмсалып, компанияның жыл сайын полигондарға тастайтын пластик көлемі 6,1 мың тоннаға азаяды.

Starbucks ұзақ уақыт бойы қоршаған ортаға әсерін азайтуға күш салуда.  2020 жылы компания салқын сусындарға арналған пластик түтікшелерді пайдалануды тоқтатқан.

Компания жаңа шыныаяқтар жұмыс процесін жеңілдетеді деп болжайды, жаңа шыныаяқтарда баристаларға арналған «бедерлі» әріптер олардың жылдам жұмыс істеуіне көмектеседі.

Ал мына видеода сіз ұнататын Starbucks:

Басқа да ғаламдық компаниялар сияқты Starbucks та жаңару толқынында. Осы айдың басында компания тапсырыстарға жақсырақ қызмет көрсету және есту қабілетінің жоғалуы бар тұтынушыларға көмектесу үшін бірқатар дүкендерінде күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетінін жариялады. Наурыз айында компания иттер мен басқа да үй жануарларына табақтар мен суды тегін ұсынуды жалғастыратынын да растаған.

Қазақтың кофеқұмарларына мұндай қызмет қажет болмас деп ойлаймыз.

Starbucks иттер мен мысықтарға суды тегін береді. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Zhang Peng / LightRocket

Қысқаша анықтама

Starbucks Coffee Company компаниясын 1971 жылы Сиэтлде (Вашингтон штаты) кофе мен шайды жақсы көретін үш кәсіпкер құрған. Олар Сиэтл қаласының Starbucks дүкендер желісі арқылы сапалы кофеге қол жеткізуді мақсат еткен.

Алғашында Starbucks кофеханалар желісі өте баяу өскен және 1981 жылға қарай оның 4 жеке сауда дүкені және кофе қуыру цехы болды. 1983 жылға қарай компанияның маркетинг жөніндегі менеджері, кейінірек оның иесі Ховард Шульц италиялық дәмхананың сиқыры мен романтикасын қайта құруды ойлайды.

Ол ішуге дайын эспрессоны тостағанмен сату тұжырымдамасын сынап көргісі келеді. Starbucks Coffee өзінің алтыншы дәмханасын Сиэтл қаласының орталығында ашқанда, бұл идея хитке айналады. 2 ай ішінде жаңа мекеме күніне 700-ден астам қонаққа қызмет көрсетіп, бүкіл дүкендер желісінен 3 есе көп кофе сатады.

Қазірде әлемге танымал Starbucks желісі 75 елдегі 32 мыңнан астам бөлшек сауда нүктелерін біріктірді, оның 8 мыңы АҚШ-та жұмыс істейді.

2015-2016 жылдың қысында Starbucks Алматыда өзінің алғашқы кофеханасын ашты, ал 2023 жылдың басында Алматыда 35 Starbucks кофеханасы жұмыс істеуде. 2016 жылдың қыркүйегінде Астанада алғашқы Starbucks ашылды, 2023 жылдың басынан бері Астанада Starbucks-тың 11 кофеханасы бар.