Әнші Ақбота Керімбекова әлеуметтік желідегі парақшасында жұлынған гүлмен түскен суретін жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқырмандар әншіге ескерту айтып, «айыппұл арқалайтын болдыңыз» деп алаңдаушылық білдірген. Өнер иесі бұл сурет 9-10 жыл бұрын түсірілгенін айтты.
«Әлем әдемі, көктем әдемі, мен және барша қазақтың қыздары әдемі! Әдемі қыздар, лайк басамыз, көп екенімізді көрсетейік әлемге. Уайымдамаңыздар, 9-10 жыл бұрынғы сурет қой. Пейілдің кеңдеу заманы еді ол кездерде», - деп жазды әнші.
Бұған дейін Түркістан облысында қызғалдақты жұлған 22 жастағы қыз жауапқа тартылатынын жазған едік.