Ол Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін ел намысын қорғайды.
Талғат Сырбаз еркін күрестен Олимпиада жолдамасы үшін бәсекеге түсетін болды
1,997
оқылды

Бішкекте өткен Олимпиада жолдамасы сарапқа салынған додада спортшыларымыз 57 келі, 65 келі, 74 келі салмақтар бойынша жолдаманы жеңе алмады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін ресми түрде Республикалық күрес түрлері федерациясының шешімімен 9-12 мамыр аралығы Түркия елінде өтетін жолдама үшін таласқа ұлттық құрама сапындағы екінші нөмерлі балуандар қатысады.

Қуанышты хабар аталған жарысқа 74 келі салмақтағы екінші нөмерлі балуан Атырау облысының белді спортшысы Талғат Сырбаз қатысатын болады.

Ол  Париж Олимпиадасы жолдамасы үшін ел намысын қорғайды.

Еркін күрестен 74 келі салмақтағы Ұлттық құрама сапындағы бірінші нөмерлі балуан Нұрқожа Қайпанов Олимпиада жолдамасы үшін әлем чемпионаты және Азиялық іріктеу турнирінде  жолдамаға қол жеткізе алмауына байланысты Түркияда өтетін іріктеу турниріне жолдама үшін құрама сапындағы екінші нөмерлі атыраулық балуан Талғат Сырбаз   бақ сынайтын болады.