Бүгін ауа райы қандай болады?
Шаңды дауыл, жаңбыр, жел: 22 сәуірге арналған ауа райы болжамы
648
оқылды

"Қазгидромет" 22 сәуірге арналған ауа райы болжамын жарияялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бүгін ел аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронттар әсер етеді.

Соған байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді.

Оңтүстікте дауыл, шаңды дауыл тұрады.

Тек еліміздің солтүстік-батысында, қиыр солтүстігінде және орталығында жауын-шашын жаумайды, күн ашық.